Типографиялық сөздік
Әр терминнің өте қысқа түсіндірмесі. Қате таптыңыз ба? Онда маған жазыңыз
Жаңа жолдан басталған сөйлемнің, терімнің сол жағына қалдырылған бос орынды атаймыз.
Электрондық поштада кездесетін таңба. Әдетте шиыршық сызықпен оралған «а» әрпі арқылы жасалады.
Екі әріптің арасындағы арақашықты апрош деп атайды. Франсуз тілінен аударғанда, approche — жақындату.
Белгілі бір ретпен орналасқан әріптер жинағы.
Әріп — белгілі бір дыбысты білдіру үшін арналған графикалық таңба.
Баспахана — баспа өнімін басып шығаратын кәсіпорын.
Мәтінді графикалық кенепке қаріппен теру.
Беттеу жұмысын істейтін адам. Әдетте беттеушінің басты мақсаты — оқырманға ыңғайлы болатындай мәтінді графикалық кенепке енгізу. Кейбір кезде назар аудару үшін мәтіннің ыңғайлы оқылуын құрбан етуге болады.
Түгел әріптің еңі бірдей қаріп. Әрине, түгел таңбасын бірдей қылсақ оқуға жарамсыз болып қалады. Сондықтан кейбір әріптің кені кішірек.
Екі әріптің арасындағы қашықты өзгерту. Жағдайына қарай әріптердің арасындағы бос орынды өңдеуге болады. Мысалы: ҒА, АТА, AVA деген әріптердің арасындағы қашықты азайту.
Таңбалардың шет жағы кертілген қаріп. Бірыңғай мәтінді беттеуге ыңғайлы болады.
Кесек-кесек төртбұрыш кертілгені бар қаріп.
Таңбалардың шет жағы кесілген қаріп.
Сан түрлі, әдетте көрнекі ақпаратта қолдануға арналған қаріп түрі.
Әліпбидегі әріптер мен тыныс белгілері ортақ графикалық стилде жасалған таңбалар жиыны.
Белгілі бір атауы бар, бір ортақ стилде жасалған қаріптер жүйесі. Қаріп отбасында қаріптің бірнеше түрі болады, мысалы: әдепкі (regular), жуан (bold), қисық (italic), және т.б.
Адам қолмен жазғандай стилде жасалған қаріп.
Типография — мәтінмен графикалық кенеп аясында жұмыс істеу.
Мәтіндегі түгел әріптер арасындағы қашықты өзгерту.