FAQ
Жиі қойылатын сұрақтар
Қаріпті Windows жүйесіне орнату
Қаріпті жүктеп алып, .zip мұрағатынын ішіндегі қаріп файылын (.otf я .ttf) ашыңыз. Шыққан терезеде «Орнату» батырмасын басыңыз. Уиндоус жүйеңіз ескі болып, ондай функциясы болмаса: C:\Windows\ я C:\WINNT\ көзінде орналасқан Fonts бумасына қаріп файылын көшіріңіз.
Қаріпті Mac жүйесіне орнату
Сосын
Қаріпті Linux жүйесіне орнату
Қаріп файылдарын (.ttf я .otf) File manager’дегі fonts:// бумасына көшіріңіз.
Лиценция туралы
Лицензияға байланысты қаріптің өз шектеуі болады.
Жеке мақсатқа арналған қаріпті пұл таппайтын мақсатта ғана қолдануға болады. Мысалы:
- Өзіңізге арналған шағын кітап;
- Жеке сайтыңызға, блогыңызға және т.с.с. арналған графика дезайнында;
- Дос туысқаныңызға арналған шақыру қағазында;
- Мешіт және қайырымдырылқ һәм бейкоммерциялық ұйымдарға;
- Өзіңізге я досыңызға арналған киім дезайнында.
Коммерциялық мақсатқа арналған қаріпті пұл табу мақсатында қолдануға болады. Мысалы:
- Сатылатын кітап дезайнында;
- Біреуге тапсырыс бойынша жасап берген графика дезайнында;
- Кіру құны ақылы жерге арналған шақыру қағазында;
- Сататын киім дезайнында;
- Және басқа да, сізге пұл төлейтін жұмыстарда.
Қаріп коммерциялық мақсатқа арналса да, оны сатуға құқыңыз жоқ. Қаріптің ауторлық құқы төлиесіне тиесілі боп қалады.
Қаріпті орнатқан соң неге көрінбей тұр.
Қаріп қолданатын бағдарламада орнатқан қарпіңіз жоқ болса, бағдарламаны өшіріп қайта қосыңыз, сол кезі қаріп тізімінде пайда болуы керек. Онда да жоқ болып тұрса, кампүтерді өшіріп қайта қосыңыз.
Неге интернетте бар қазақша қаріптің көбін сайттан таба алмадым?
Интернетте неше түрлі ақылы қаріптің қазақша нұсқалары тарап жүр. Оларды сайтқа жариялау үшін қақымыз жоқ. Ақылы қаріпті төлиенің сайтынан іздеуіңіз керек. Лицензия туралы толығырақ оқу
Маған керек қаріпті таба алмай тұрмын.
Қаріптің атауын білсеңіз, оны басқа сайттан іздеп көріңіз. Ақылы қаріп болып, бірақ қазақша әріптері жоқ болса, төлиесіне жазып, қазақша нұсқасын қалай сатып алуға болады деп сұраңыз. Тегін қаріп болып, қазақша әріптері бар нұсқасын таба алмасаңыз, бізден қазақшалауға тапсырып бере аласыз.
Сайттан жүктеп алған қарпімде қазақша әріптер жоқ.
Қаріпте ӘәІіҢңҒғҮүҰұҚқӨөҺһ әріптері жоқ болса, біздің жекемізге жазып, қай қаріп екенін айтыңыз. Біз файылды тексеріп, сайтқа жаңа нұсқасын жүктейміз я мүлде алып тастаймыз.