Hiykaya License
Hiykaya қарпінің лицензия түрлері
Жеке мақсатқа тегін
«Hiykaya» қарпінің «Regular» нұсқасын жеке мақсатқа тегін қолдана аласыз. Демек қаріпті қолданған контенттен ақша таппасаңыз. Мысалы: интернеттегі сатылмайтын комикстерге, бейресми аудармаларға, дизайнға. Бұл лицензиямен қаріпті уеб пішімде қолдануға және лого жасау үшін қолдануға болмайды.
Негізгі лицензия
Qarip лицензиясы («Лицензиар») бойынша қаріпті жүктеп алып және/немесе қолданғанда сіз («Лицензиат») келесі лицензиялық шарттар мен талаптармен келісіп, оны бұзбауға сөз бересіз. Бір лицензия тек бір қолданушыға ғана беріледі. Әр қолданушыға жеке бөлек лицензия сатып алу керек. Бірден бірнеше қолданушыға лицензия сатып аламын десеңіз үлкен жеңілдік беріледі.
1. Берілетін хақы
Біз («Лицензиар») сізге («Лицензиатқа») лицензиялық шарттар мен талаптарға сәйкес: қаріпті жүктеп алуға, оны орнатуға және қаріп арқылы көркем туындыларды жасауға, беттеуге, өңдеуге, дизайндауға және оны таратуға мәңгі лицензия береміз.
1.1 Орнату, сақтау, көшіру
⬇ Лицензиат арасында тарату
Лицензиясы бар адам қаріпті тек лицензиялық шарттармен бірге, басқа да бір лицензиясы бар адаммен бөлісе алады. Лицензиясы жоқ адаммен қаріпі бөлісуге болмайды.
⬇ Орнату
Лицензиат қаріпті өзі басқаратын компүтер, телефон, және т.б. қолданбаларға орната алады.
⬇ Бұлтты дизайн
Лицензиат қаріпті бұлтты дизайндау тіркелгіге жүктеп, онлайн қолдана алады. Бірақ қаріпті тек өзі ғана қолданып, басқа адамдарға қолжетімсіз қылу керек.
⬇ Бұлтты сақтау
Лицензиат қаріпті бұлтты серверлерде сақтай алады. Бірақ басқа адамдар жүктеп ала алмайтындай, тек өзі үшін ғана.
⬇ Сақтық көшірме
⬇ Сақтық көшірме
1.2 Хақы
✔ Цифрлық құжаттар
Лицезиат қаріпті статикалық, цифрлық құжаттарда қолдана алады. PDF, Jpeg, Png және т.б. сол сияқты пішімдерде.
✔ Әдебиет пен заттай тауар
Лицензиат қаріпті кітап, комикс, киім, көрнекі ақпарат, жарнама өнімі және т.б. заттай тауарды беттеу, дизайндау, безендіру үшін қолдана алады.
✔ Лого
Лицензиат қаріп арқылы лого/тайп лого жасай алады.
✔ Бейне
Лицензиат қаріпті қандай да бір видео/бейнеде, филімдерде қолдана алады. Мысалы: туынды логосы, мұқаба, субтитр, слайд.
1.3 Шектеулер
✘ Қаріп — тауар емес
Лицензиат қаріптің әр әрпін заттай шығарып, сол әріптерді тауар ретінде сата алмайды.
✘ Цифрлық құжаттарды тарату
Лицензиат қаріпті статикалық емес пішімде лицензиясы жоқ адаммен бөлісе алмайды. Лицензиясы жоқ адаммен бөліскісі келсе қаріпті растр/вектор пішінге көшіру керек. Мысалы: PDF, Jpeg, Png секілді пішімде бөлісуге болады, ал PSD, Ai, Indd секілді пішімдерде бөлісу үшін қаріп растр/вектр болуы керек.
Лицензиатқа қаріпті басқа лицензиатқа өңделетін құжаттарды (соның ішінде PDF, Microsoft Word® және Microsoft Powerpoint®) таратуға немесе ендіруге рұқсат етіледі.
✘ Қай жерде қаріпті қолдануға болмайды:
- Уеб-сайт пен CSS @font-face қолданатын цифрлық жарнама
- Компүтер бағдарламалар, мобайл қолданбалар және т.б. бағдарламалар.
- Қаріпті басқа адамдарға қолдануға мүмкіндік беретін бұлтты бағдарламалар
- Электронды құрылғы
- Цифрлық ойындар
- Электронды кітаптар
- Өңдеуге болатын PDF және т.б. файлдар
1.4 Үшінші тарап
Лицензиат оның атынан жұмыс істейтін адамға уақытша қаріпті бере алады. Ол адам сол-ақ сәтте лицензиялық шарттармен келісіп, оны бұзбауға келіседі. Лицензиясы жоқ адам жұмысы аяқтаған соң қаріпті құрылғыдан жоюы керек.
2. Қаріпті өзгерту
Лицензиат болсын, кім болсын қаріпті өзгертуге хақы жоқ. Қаріп өңдейтін қолданбалар арқылы ашу, әріптерін өзгерту, атауын өзгерту және т.с.с. әрекет жасауға болмайды. Бірдеңе керек болса лицензиарға жазуыңыз керек.
3. Ауторлық құқық
Қаріптің ауторлық құқығы тек лицензиарда қалады. Сіз қаріпті сатып алғанда оны қолдану рұқсатын ғана аласыз. Қаріпті сатуға не өзгертуге хақыңыз жоқ.
4. Қайтару мен жауапкершілік
Қаріпті сатып алғаннан кейін қаріптің бір жері ұнамай жатса лицензиарға жаза аласыз. Жазсаңыз көмектесуге тырысамыз, бірақ лицензиардың ақшаны қайтармауға және қаріпті өзгертпеуге хақы бар.
5. Кепілдік
Қаріп отбасындағы әр қаріптің бір нұсқасы ғана бар, бәріне ортақ. Сізге қаріп ұнай ма, не сіздің мақсатыңызға жарай ма — біз кепілдік бере алмаймыз. Қаріп сіздің болжамыңызға сай емес бола алады.
6. Шартты өзгерту
Лицензия шарттары лицензиаттың өтініші бойынша өзгере алады. Дербес лицензия шарттарын алу үшін лицензиармен келісу керек.
Ауқымды лицензия
Шектеуі жоқ, арнайы сіз үшін жасалған лицензия түрі керек болса поштаға жазыңыз. Әрине, бағасы негізгі лицензиядан қымбатырақ болады.
Лицензия түрлері
Қаріпті сатып алу үшін біздің поштаға жазыңыз: abayemes@gmail.com