Qarip
Қазақша панграм

Қазақша панграм

Ауторы: Абай Емес

03.04.2023


PANGRAM

Панграм деп әліпбидің, түгел әрпі бар сөйлемді атайды. Ежелгі грек тілінен «pan-» (түгел), «-gram» (әріп) дегенді білдіреді.


The quick brown fox jumps over the lazy dog

Ағылшын тіліндегі ең таңымал панграм.

Бұл панграмды Артур Көртис 1885 жылы баспалау машинасында әріптерді тексеру үшін ойлап тапқан дейді. «A quick brown» дегені уақыт өте «The quick brown» деп халықта кең таралып, ақыры кәмүтер пайда болғанда уиндоус жүйесіне енді.

Съешь ещё этих мягких французских булок да выпей же чаю

Орыс тіліндегі ең таңымал панграм.

Кейбір адам бұл панграмды көмпүтер пайда болмай тұрып білетінбіз дейді, бірақ панграмның нақты ауторы белгісіз. Уиндоус жүйесіне бұл панграмның қате, «же» демеулігі жоқ нұсқасы енген.


Қазақша панграм ше?

Қазақ тілінде панграм ойлап табу үшін арнайы сайт бар, оны QazSoz жобасының ауторы — Жолдасбай Ілияс жасап шығарған. Сайтқа өтіп, өз панграмыңызды ойлап тауып көріңіз. Жасаған панграмыңызды бізге жіберсеңіз сайтқа жариялап қоя аламыз.

Осы сайт арқылы жасалған панграмдар:


Бұл шайханадағы ванильді кофенің және үлпілдек бауырсақтың дәмі өзгеше.

«һ, ц, ч, щ, ъ, э, ю, я» әріптері жоқ
Ойлап тапқан: Өркеновна Аяжан

Янцзы һәм Хуанхэде үй шөңгелі ық жағы тұщы. Фьючерсі объектив пе?

түгел әріп бар
Ойлап тапқан: Аршат Ораз

Щучинск съезіндегі өрт пе? Вагон-үй, аэромобиль һәм ұшақ фюзеляжы цехінен ғой.

түгел әріп бар
Ойлап тапқан: Аршат Ораз

Бұл гүлді қызға һәм ұлға бер, ал көрші францияны пырансы де, ой туғанда хатыңды жаз.

«в, ч, щ, ъ, ь, э, ю» әріптері жоқ
Ойлап тапқан: Абай Емес