Qarip
Дұрыс қаріп бұрыс

Дұрыс қаріп бұрыс

Ауторы: Абай Емес

16.04.2023


Ақырғы жарты жылда бірталай жерде дізәйнірлер әріптердің қате нұсқасын қолданғанын көрдім. Кітап мұқабаларында, даладағы көрнекі ақпаратта, әлжеліде және т.б. жерлерде. Бүгін сол көрген қателерді көрсетіп, қалай жасаған дұрыс, ал қалай жасаған бұрыс екенін түсіндіріп көрем.

Типографика баршаға арналғандықтан, бұ жерде жаңа өзгерістерге жол жоқ. Бір-ақ әріпті өзгертсек, дәстүрлі әліпбиіміздің бейнесі өзгеріп, ақыры мәтін оқуға жарамсыз болып қалады. — Йан Шіхөлд

Іі әрпі

Іі әрпінің үсті мен түбінде сызықша болмағаны жөн. Қаріптің стиліне байланысты: кесілген қаріптерде болмауы керек, ал керілген қаріптерде болуы керек. Кіші әрпінде міндетті түрде нүктесі болуы керек.

Үсті мен астына қойылатын сызық ағылшын тіліндегі үлкен «ай» мен кіші «ел» әріптерін айыру үшін арналған. Мысалы «Illinoise» деген сөзде I мен lli жабысып қалмауы үшін.

Ңң мен Ққ әрпі

Ңң мен Ққ әріптерінің құйрығы тік астыға кетпеуі керек. Сосын тік оңға кетпеуі керек. Сәл оңға, сосын астыға!

Бұ қате жиі кездеспейді, бірақ интернетте осындай қаріптер де толып тұрғанын ескеріңіз.

Уу, Ұұ, Үү әрпі

Ұұ әрпі жай ғана ортасы сызылған Уу емес! Ү/Ұ әрпін жасау үшін У әрпінің астын түзей салу аз. Сосын Ү/Ұ әрпінің астында сызығы болмауы керек. У орнына Y, ал Ү орнына У қолдануға болмайды.

Бұ қатені кітап мұқабаларында тым жиі кездестіруге болады. Іі әрпінен кейін ең жиі кездесетін қате — осы.